Жуалыойда жаңа футбол алаңы ашылды

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінің Жуалыой елді мекенінде жаңа футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жоба аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Мердігері – «ПромстройЭнерджи» ЖШС.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық мәслихат депутаты Марс Жұмалиев, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Ғұбашев, тиісті бөлім басшысы Абат Ишанов және ауыл тұрғындары қатысты.
Алпамыс Жаңабайұлы тұрғындарды жаңа спорттық нысанның іске қосылуымен құттықтап, бұл футбол алаңының 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай пайдалануға берілгенін және балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа баулуға зор мүмкіндік екенін атап өтті. Алаң ауыл жастары мен тұрғындарының спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді. Сонымен бірге мердігер тарапынан қатар салынып берген шағын балалар ойын алаңында да балаларды қуанышқа бөлеуде.
Жиын соңында Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің 5 жылдық түлектерінің ұйымдастыруымен ауыл жастары арасында алғашқы шағын футбол турнирі өткізілді.

Сыйлыхан ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Израиль президентімен келіссөз жүргізді: не талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен шағын құрамда келіссөз жүргізіп, сауда, инвестиция және IT саласындағы…

Израиль президенті Ақордада салтанатты қарсы алынды: ресми сапар басталды

Ақордада Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – елімізге оның ресми…

Тоқаев Оңтүстік Африка президентін Бостандық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаны Оңтүстік Африканың ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтап, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін…