Найзағай, бұршақ, қатты жел: 10 мамырда ауа райы күрт нашарлайды

Қазақстанда 10 мамырда ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктер найзағай, бұршақ және қатты жел тұратынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандары еліміздің барлық өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын мәлімдеді. Тұрғындарға сақ болу керек екені ескертілді.

Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.

Ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге абай болу ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Астанада дене салмағының жартысындай ісік алынған нәрестеге күрделі ота жасалды

Астанада хирургтер жаңа туған нәрестеден 2 келіден асатын ісікті алып тастады. Отаға қатысқан дәрігерлердің айтуынша,…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек…

Блогердің әкесінен зорлық көргені туралы мәлімдемесіне қатысты іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде танымал блогердің бала кезінде әкесінен жыныстық сипаттағы зорлық көргені туралы бейнежазбасы тарады. Полиция…