Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті.

Соңғы жылдары ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресті күшейту бағытында нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, киберқауіптерге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған бөлімшелер ашылды, цифрлы инфрақұрылым мен талдамалық база нығайтылып жатыр.

«Академияның құрылуы – Мемлекет басшысы жариялаған құқық қорғау жүйесінің даму жолындағы елеулі кезең. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу. Институционалдық реформалар құқық қорғау органдарының сервистік моделін дамытуға ықпалын тигізеді. Президент ұсынған басым бағыт – азаматтардың қауіпсіздігі және “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша іске қосылған құқық қорғау органдарын қайта жаңғырту – стратегиялық ойлай алатын басқарушылар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялық новацияларды енгізу құралдарын кеңейтіп, жаһандық цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу жағдайында көшбасшылық пен бәсекеге қабілетті жұмыстың заманауи тәсілдерін меңгеруге жол ашады.

Академияның ашылуы барысында Олжас Бектенов сонымен қатар оқу орны инфрақұрылымымен, және құқық қорғау органдары қолданатын заманауи технологиялармен, атап айтқанда цифрлы зертхана, цифрлы шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллекті көмегімен талдау, кіріктірілген радар орнатылған патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, «ақылды көзілдірік» және басқа да озық технологиялармен танысты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Премьер-министрге ведомствоаралық жоғары академиялық курс тыңдаушыларын сынақтан өткізу нәтижелерін көрсетті.

Академия бағдарламасы басқару құзіреттілігіні дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша 100-ден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады. Бүгінде Академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.

ІІМ Басқару академиясының ашылуына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы Сот Кеңесі, министрліктер, әкімдіктер басшылығы, Парламент депутаттары, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ІІМ жүйесіндегі ЖОО басшылығы мен оқытушылары, салалық ведомстволардың шетелдік делегациялары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты.

 

 

@KZgovernment

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.