Астанада 19 жастағы студент «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекеті үшін ол жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Студенттің әрекеті қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қайшы келген. Полиция оны анықтап, істі сотқа жолдаған.
Сот шешімімен оған әкімшілік жаза қолданылды, — деді қалалық полиция департаментінің өкілі.
Жас жігіт кешірім сұрап, істегеніне өкінетінін білдірген. Алайда бұл оны жауапкершіліктен босатпады.

