Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші белдесуде ол молдовалық Петру Пеливанмен кездесті. Жалғас қарсыласын ұпай санымен басып озды.
Бұл – Қазақстан дзюдо командасы үшін турнирдегі алғашқы алтын медаль. Жалғас Қайролла бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

