Categories Көңіл ашар

Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы: «Байрағы биік байтағым»

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы мен Астана күніне орай республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді. Байқауға кез келген қазақ ақыны қатыса алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мүшәйра «Байрағы биік байтағым» деп аталады. Ол екі кезеңнен тұрады: біріншісі – іріктеу, екіншісі – финал. Финалға үздік 10 ақын шақырылады.

«Байқауға қатысушылар туындыларын 20 мамырға дейін жіберуі керек. Шығармалар тек қазақ тілінде, әдеби тілдің тазалығы сақталуы шарт», – деді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Бас жүлде – 500 мың теңге. Мүшәйра еліміздің руханиятын көтеруге және жас ақындарды қолдауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Жапониялық сот сарапшылары сәбилерді ұйықтатуға арналған әуен шығарды

Жапониялық сот сарапшылары сәбилерді ұйықтатуға арналған әуен шығарып, интернетте танымал болды.

Астанада Халықаралық йога күні мыңдаған адамды жинады

Астанадағы «Астана Арена» спорт кешенінде Халықаралық йога күні аталып өтіп, оған мыңға жуық адам қатысты.

Аргентинада Мессиге арналған 26 метрлік мүсін ашылды

Аргентинада Лионель Мессиге арналған 26 метрлік мүсін ашылды. Монумент авторы – Альдо Бероиса. Бұл футболшыға…