Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушылар күні қарсаңында ерлер санына қатысты соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бюро мәліметінше, Қазақстандағы ерлер саны алғаш рет 10 миллионнан асқан. Бұл көрсеткіш ел халқының жалпы санымен салыстырғанда ерлер үлесінің артқанын көрсетеді.
«Ерлер санының өсуі – демографиялық өзгерістердің айқын дәлелі. Бұл үрдіс алдағы жылдары да сақталады деп күтеміз», – дейді сарапшылар.
Статистика бойынша, ерлердің көпшілігі еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Бұл ел экономикасына оң әсер етуі мүмкін.

