Categories Қаржы

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі 20,5%-ға жетті: банктер тартымды үстеме ұсынып жатыр

Қазақстандық банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеріп жатыр. Кейбір қаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 20,5%-ға дейін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам халықтың жинақ ақшасын банкке салуға ынталандыру үшін жасалып отыр.

«Біз клиенттерге тиімді шарттар ұсынуға тырысамыз. Қазіргі уақытта ең жоғары мөлшерлеме – 20,5%, бірақ бұл барлық салым түріне қолданылмайды», – деді банк өкілі.

Басқа банктер де бәсекеге ілесіп, мөлшерлемелерін біртіндеп көтеруде. Салымшылар үшін ең бастысы – келісімшартты мұқият оқып, нақты табысын есептеу.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Emirates SkyCargo үшін Орталық Азиядағы алғашқы бағыт болды

Алматы әуежайына Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келіп қонды. Осылайша Қазақстан Emirates SkyCargo үшін…

Жұмыс істейтін аналарға арналған әлеуметтік төлемдер сақталады

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде Қазақстанда жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып жатыр…

Еңбек министрлігі: жұмыс істейтін аналарды төлемнен айыру туралы ақпарат жалған

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемнен айыру туралы ақпаратты жоққа…