Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Енді тараптар саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларында бірлесіп жұмыс істеуге міндеттенеді.
«Шарт аймақтық тұрақтылықты нығайтуға және ортақ қауіптерге қарсы тұруға мүмкіндік береді», – делінген ресми мәлімдемеде.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы соңғы жылдары өсіп келеді. Жаңа келісім бұл үрдісті жеделдете түспек.

