Ұлттық банк 2 мамырдағы шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады. Доллар мен еуро бағамы өзгеріссіз қалған жоқ.
АҚШ доллары 460,25 теңгемен бағаланды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,5 теңгеге қымбат. Еуро бағамы 496,18 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресей рублі 5,01 теңге тұрса, британ фунты 577,63 теңгемен бағаланды. Қытай юані 63,56 теңгеге тең.

