Categories Жайық news

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар атсалысты.

Жиналғандар алдымен Шаған өзенінің жағалауын тазалап, абаттандырды. 500-ден астам адам қатысқан акцияда қарағай, үйіңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Аймақ басшысы Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өңірде кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын айтып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды.

2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты, 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, -деді Нариман Төреғалиев.

Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120000 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер отырғызды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды  

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға…

Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті   

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті. Қос…