Categories Спорт

Нұржан Батырбеков Азия ойындарында алтын алды – Қазақстан қоржынында тұңғыш медаль

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Жағажай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медаль түсті. Джиу-джитсудан бақ сынаған Нұржан Батырбеков қарсыластарын тізе бүктіріп, ел намысын асқақтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс өте қызықты өтті. Нұржан әлемдік деңгейдегі мықты балуандармен кездесіп, өзінің шеберлігін дәлелдеді.

«Бұл жеңіс – көп жылғы еңбегімнің жемісі. Қазақстанның туын көтергеніме қуаныштымын», – деді Нұржан Батырбеков.

Қазақстан құрамасы бұл ойындарға бірнеше спорт түрінен қатысып жатыр. Алғашқы алтын медаль командаға үлкен серпін берді.

Ұқсас жазбалар

Жәнібек Әлімханұлы рингке оралатынын мәлімдеді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындық барысымен бөлісті.

Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі: қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы 135 жылдық тарихы бар «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Қазақстандық теннисшілер арасында…

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.