Тоқаев француз энергетикалық алыбының басшысымен кездесті: атом станциясы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France (EDF) компаниясының басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы талқыланды. Президент EDF-тің осы саладағы тәжірибесіне жоғары баға беріп, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Біз атом энергетикасы саласындағы француз компанияларымен серіктестікті дамытуға мүдделіміз. Бұл – елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар жоба», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бернар Фонтана Қазақстанның бастамасын қолдап, EDF-тің атом саласындағы 50 жылдық тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жұмыс тобын құрып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келісті.

Ұқсас жазбалар

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.