Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты I Форумы өтті

Бүгін “AMANAT” партиясының қолдауымен Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты I Форумы өтті.

Аталған маңызды алаң ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті басқару тиімділігін арттыру және тәжірибе алмасу бағытында мазмұнды пікірталастарға жол ашты.

Форум аясында қонақтар киіз үйлер мен көрмелерді тамашалап, өңірдегі үздік жобалармен танысты.

Пленарлық отырысқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауылдық округтердің дамуына қатысты басым бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар, үздік ауылдық округ әкімдері марапатталып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Форум барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Панельдік сессияларда ауылдарды дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен тиімді шешімдер кеңінен талқыланды.

— Облыстық мәслихат депутаттарымен бірге бұл форумға қатыса отырып, ауылдың әлеуетін арттыру – баршамызға ортақ міндет екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ауыл – елдің тірегі. Сондықтан ауылдардың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет деп санаймын, — деді форумға қатысқан БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 маусымда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай, бұршақ,…

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.