Әскерде кітап оқу міндеттелді: сарбаздар 5 кітапты қалай игермек?

Қазақстан Қарулы Күштері әскерге жаңа талап енгізді. Енді мерзімді қызметтегі әр сарбаз кемінде бес кітап оқуға міндетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама әскери қызметшілердің рухани дамуына және дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кітаптардың тізімі арнайы бекітіліп, әр бөлімге жеткізілген.

«Сарбаздарға қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын оқу ұсынылады. Бұл олардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі», – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Әскерде кітап оқуға арнайы уақыт бөлініп, әр сарбаздың оқығаны есепке алынады. Алғашқы нәтижелер көрсеткендей, жауынгерлер бұл талапты қызығушылықпен қабылдап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.