АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты ықтимал әскери қақтығысты «соғыс» деп атаудан бас тартып, оның орнына «әскери операция» терминін қолдануды жөн көретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл қадамның саяси астары бар. The Hill басылымының жазуынша, АҚШ Конституциясы бойынша соғыс жариялау құқығы тек Конгреске тиесілі. Сондықтан Трамптың бұл әрекеті заң шығарушы органды айналып өтіп, шешімді жеке қабылдауға бағытталған болуы мүмкін.
Осыған байланысты демократтар Иранға қарсы кез келген әскери күш қолдану үшін президент міндетті түрде Конгрестің рұқсатын алуы керек деп санайды.
«Президенттің Иранмен соғыс бастауға құқығы жоқ. Егер ол мұндай қадамға барса, алдымен Конгрестен рұқсат сұрауы тиіс», — дейді заңгерлер.
Алайда Трамп әкімшілігі мен республикашылдар басқа пікірде. Олардың пайымдауынша, президент Бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігін пайдаланып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда Конгрестің келісімінсіз-ақ Иранға соққы бере алады.
Фото: Әлеуметтік желіден

