Categories Жайық news

Таяу Шығыстағы жағдай ушықты: Президент Тоқаев Оман сұлтанымен шұғыл сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы шиеленісті ахуалды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайдың ушығуына, әсіресе Иранға қарсы соғысқа қатысы жоқ Шығанақ елдерінің бейбіт нысандарына әуеден шабуыл жасалуына қатты алаңдайтынын білдірді. Ол осынау қиын сәтте Қазақстанның бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды одан әрі ушықтыруға қарсы екенін және барлық тарапты мәселені тек диалог пен дипломатия арқылы шешуге шақыратынын атап өтті. Осы ретте Президент Оманның аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене араласып, халықаралық деңгейде жоғары беделге ие екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын Оман арқылы эвакуациялауға тікелей көмек көрсеткені үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа зор ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Оман Сұлтаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауы үшін алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Сұхбат соңында Тоқаев Оман Сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын қайта растады. Сұлтан Хайсам бен Тариқ бұл шақыруды ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді. Бұл сапар екі елдің достық қатынасын жаңа деңгейге көтермек.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…