Categories Жайық news

Қазақстандық оқушылар наурызда ұзақ демалады: Көктемгі каникулдың нақты мерзімі белгілі болды

Оқу жылының ең ұзақ үшінші тоқсаны аяқталуға жақын, енді еліміздегі мектеп оқушылары Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келетін көктемгі демалысқа шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Биыл үшінші тоқсан 19 наурызда мәресіне жетеді. Ал көктемгі демалыс 20 наурызда басталып, 29-ына дейін, яғни 11 күнге созылады. Бұған қоса, Халықаралық әйелдер күні мерекесінің ауысуына байланысты 9 наурыз да демалыс болып бекітілген.

Еліміздің бірқатар өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілгені белгілі. Алайда оқушылар тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын (БЖБ мен ТЖБ) мектеп қабырғасында тапсыруға міндетті.

Оқу жылының соңғы, төртінші тоқсаны наурыз айының соңында басталып, сегіз аптаға созылады. Осылайша, биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…