Categories Ақорда

Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды – Арман Қырықбаев

Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Алматы жастарымен кездесті

Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Алматы жастарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. Диалог ашық әрі мазмұнды өтті. Студенттер, белсенділер мен қоғам өкілдері тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Әсіресе, жиналған қауымды жаңа Ата Заңдағы жастарға арналған мүмкіндіктер ерекше қызықтырды.

«Жаңа Конституция жастарға не береді?» деген сауал кездесу барысында ең көп қойылған және де талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Әрбір сұраққа үн қатқан Арман Қырықбаев 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы тек заманауи сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймайтынын, елдің ұзақ мерзімді дамуының берік негізін қалайтынын атап өтті. Жаңа Ата Заңда адам құқықтарының кепілдіктеріне, кәсіпкерлікті қолдауға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және ғылым мен инновацияны дамытуға айрықша мән берілген.

Президент көмекшісінің айтуынша, жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады. Ол жас ғалымдар мен стартап-жобаларға қолдау көрсетуді күшейту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жаңа Конституция жобасында көрініс тапқан Президенттің «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» бастамаларына айрықша көңіл бөлінді.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, «Әділетті Қазақстан» идеясы – Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, мақалалары мен сөздерінде үнемі айтылып келеді. Көп жағдайда олар жастарға арналып жатады. Жаңа Конституция мәтінін әзірлеу барысында 10 мыңнан астам ұсыныс түсті. Олардың басым бөлігі адамға бағдарланған құндылықтарға арналды – әділеттіліктің салтанат құруы, заң мен тәртіптің үстемдігі, қалаларымыз бен ауылдарымыздың тазалығы, жасампаз әрі ізгі ниеттер. Демек, Мемлекет басшысы халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді қозғап жүр. Сондықтан бұл идеялардың жаңа Конституция мәтінінде көрініс табуы заңды құбылыс», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас жазбалар

Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»

В американском журнале The National Interest вышла статья Президента Касым-Жомарта Токаева о новом Основном законе страны, передает агентство Kazinform. В…

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты.…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі…