Categories Жайық news

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында жағдай ушықты: Кабул әуе шабуылына жауап берді

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күрт шиеленісті. Кабул Исламабадтың әуеден жасаған соққыларына жауап ретінде әскери операция бастап, Пәкістанның 15 шекара бекетін өз бақылауына алғаны хабарланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл оқиғаға қатысты Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф ресми Кабулға қатаң айып тақты. Ол Ауғанстан билігін терроризмді қолдайды деп кінәлады.

«Кабул Ауғанстанды үнді отаршылығына айналдырды, терроризмді насихаттап, өз халқын қанап отыр», – деді министр.

Екі ел арасындағы 2600 шақырымға созылатын шекарадағы жағдай соңғы жылдары тұрақсыз болып тұр. Бұған дейін де, атап айтқанда 2023 жылдың қазан айында тараптар арасында ірі қақтығыстар тіркелген болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…