Categories Жайық news

Қазақстанға 40 градус аяз келеді: «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келетін суық антициклон әсер етеді, салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, 24-26 ақпан аралығында арктикалық суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді. Жауын-шашын негізінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана сақталады. Онда да кей жерлерде жаңбыр нөсерлеп жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі, тұман түсуі және көктайғақ сияқты құбылыстар күтіледі.

Түнгі уақытта ауа температурасы былайша өзгереді:

• батыс өңірлерде — 15-25 градус аяз;
• солтүстік пен орталықта — 28-37 градус аяз;
• шығыста — 32-40 градусқа дейін суық;
• оңтүстікте — 0-ден 10 градусқа дейін аяз болады.

Фото: pexels.com

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…