Categories Спорт

Оралда А.Шайхиев турнирі басталды

Бүгін Орал қаласында Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы ашық республикалық дзюдо турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Ауқымды додаға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Ресей Федерациясынан келген 300-ге жуық татами шеберлері қатысуда.

 

Салтанатты шараның қонақтары:

  • Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы
  • Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сәбитов Бақдәулет Маратұлы;
  • ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Имашев Айбек Әсетұлы
  • Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Раков Максим Сергеевич
  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ибраев Рустам Аманжолұлы
  • ҚР Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры, Шайхиевтер отбасының досы Қыдырбек Рысбек Әділбекұлы
  • БҚО дзюдо федерациясының президенті Шайхиев Рустам Ғалиасқарұлы

Қонақтар қатысушыларға сәттілік тілеп, Асқар Шайхиевтің спорт саласындағы өлшеусіз еңбегіне құрмет білдірді.

 

Турнирдің алғашқы күні Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

 

60 кг салмақ дәрежесі:

1 орын —  Зейнолла Нұрхан

3 орын — Қабдололов Арман

Зинуллин Асылхан

 

52 кг:

2 орын — Сұпығалиева Фатима

3 орын — Мұрадимова Айшабибі

 

66 кг:

1 орын — Зайзағалиев Нұрсұлтан

2 орын — Бақытғалиев Шерхан

 

73 кг:

Сейітқалиев Сенім

Сейітқалиев Саят

 

Асқар Шайхиевтың есімін ұлықтауға арналған бұл байрақты бәсеке жас балуандар үшін үлкен мектеп әрі патриоттық рухты дәріптейтін маңызды спорттық іс-шара болмақ.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды. Алғашқы болып Канада мен…