Categories Жайық news

Сарапшы: Жаңа үйлер қымбаттайды, ал ескі пәтерлер нарығы тоқырайды

Қазақстанда жаңа пәтерлер қымбаттауын жалғастырады, ал ескі үйлер нарығында тоқырау болады. Мұндай болжамды Qazaq Expert Club-тың құрылыс саласы бойынша сарапшысы Диляра Сейітнұрова жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшының пікірінше, Астана мен Алматыда бағасы 36 миллион теңгеге дейінгі эконом және комфорт санаттағы пәтерлерге сұраныс жоғары болады. Құрылыс компаниялары ең алдымен «Отбасы банкі» бағдарламаларының шартына сай келетін бір және екі бөлмелі өтімді пәтерлердің бағасын көтереді.

Ескі үйлер нарығы тоқырайды. Салынғанына 15-20 жылдан асқан баспаналардың өтімділігі төмендей береді. Ал бизнес және элита санаттағы тұрғын үйлерге мемлекеттік ипотека бағдарламалары әсер етпейді. Өйткені ондағы келісімшарттар негізінен қолма-қол ақшаға немесе құрылыс компаниясы арқылы бөліп төлеу арқылы жасалады.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…