Categories Саясат

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады  

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін жалпыхалықтық референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституция – мемлекеттік биліктің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін және ел дамуының негізгі қағидаттарын бекітетін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи шешімдер дауыс беру үдерісінің толық ашықтығы, заңдылығы және әділдігі жағдайында қабылдануы тиіс.

«Біздің басты мақсатымыз – референдумның барлық кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету», деп мәлімдеді «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы.

Коалиция жұмысы жүйелі түрде және республика көлемінде ұйымдастырылады. Байқаушыларымыз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап қорытындылар шығарылғанға дейін өз міндеттерін кәсіби, мұқият әрі жауапкершілікпен атқарады.

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды.

Қоғамдық сенім сөзбен емес, нақты әрекетпен, заң талаптарын сақтау арқылы қалыптасады. Тәуелсіз бақылау – сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін маңызды тетік.

«ДАУЫС» коалициясы – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлестігі. Әрбір қазақстандықтың дауысы ескеріліп, еркі әділ түрде көрініс табуы – біздің ортақ міндетіміз. Біз осы мақсат жолында еңбек етеміз.

Ұқсас жазбалар

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға…

Мемлекеттік қызмет: жаңа заң шенеуніктердің жұмысын өзгертеді

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Бұл құжат…

Ердоғанның Қазақстанға сапары: бауырлас елдердің байланысы нығая түсті

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Екі ел басшылары ынтымақтастықты нығайтуға келісті.