Categories Жайық news

Жетісу облысында дүкен жарылып, ғимараты қирады: үш адам ауруханаға түсті

Жетісу облысы Қарабұлақ ауылындағы «Малика» дүкенінде газ жарылып, салдарынан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Оқиғадан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыстан кейін 36 шаршы метр аумақ қираған. Абырой болғанда, оқиға орнында өрт шықпаған.

Ауруханаға жеткізілген үш адамның да есін білетіні хабарланды. Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның нақты себеп-салдарын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…