Categories Жайық news

Жамбыл облысындағы жол апаты: Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Жамбыл облысында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Аса – Ақкөл тасжолында болған. Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автобуста болған жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда барынша абай болуға шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…