Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол жаңа қызметке тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Осы тағайындауға байланысты Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық мандатын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Тиісті ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Елнұр Бейсенбаев бұл лауазымда Айбек Смадияровты алмастырды. Еске сала кетейік, Смадияров жақында ғана Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған еді.
Елнұр Бейсенбаев VIII сайланымдағы Парламент Мәжілісіне «Amanat» партиясының атынан депутат болып сайланған. Ол қоғамда белсенділігімен танылған жас саясаткерлердің бірі.
Фото: Әлеуметтік желіден

