Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы басшысы 6 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық істің бабын жеңілдетіп беруге көмектесу үшін ақша алған. Сот үкімімен экс-полицей енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Сот оның антты бұзғанын жазаны ауырлататын мән-жай деп таныды. Осылайша, бұрынғы тәртіп сақшысы алты жылын колонияда өткізеді.
Фото: Әлеуметтік желіден

