Categories Жайық news

Қытайда ірі алаяқтық пен кісі өлтіруге барған синдикаттың 11 мүшесі дарға асылды

Қытайда Мьянма аумағында астыртын казино мен алаяқтық орталықтар желісін басқарған қылмыстық топтың 11 мүшесіне қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

29 қаңтарда Қытай Халық Республикасында «Мин» синдикатының басшыларына қатысты шығарылған өлім үкімі іске асырылды. Бұл топ Мьянмадағы алаяқтық орталықтар мен астыртын казинолар желісін басқарып, ірі көлемде қаржы жымқырған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олардың қылмыстық әрекеттерінен келген шығын көлемі 1,4 миллиард доллардан асқан. Сонымен қатар, синдикат мүшелерінің Қытайдың 14 азаматын өлтіргені дәлелденді.

Өлім жазасына кесілгендердің арасында топ негізін қалаушының ұлы мен немересі де бар. Ал синдикаттың негізгі жетекшісі полицияға қолға түсер кезде өз-өзіне қол жұмсаған.

Сотталғандардың апелляциялық шағымы өткен жылдың қараша айында қабылданбаған болатын. Сот үкімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…