Астанада 25 адамды алдап, 95 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген жалған брокер алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
30 жастағы азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, клиенттерді Instagram әлеуметтік желісі арқылы тапқан. Жәбірленушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алуға көмектесетінін және жиһаз бизнесіне инвестиция салуға болатынын айтып сендірген.
Тергеу мәліметінше, алаяқтың әрекетінен 2021 жылдан бері 25 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 95 миллион теңгеден асады.
Сот үкімімен ер адам 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Фото: Әлеуметтік желіден

