Қарашығанақ жобасының акционерлері халықаралық арбитражда Қазақстан үкіметінен жеңіліп, миллиардтаған доллар өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Bloomberg мәліметінше, сот өтемақының нақты сомасын әлі белгілеген жоқ. Алайда, тәуелсіз заң сарапшыларының пікірінше, бұл сома 2-4 миллиард доллар аралығында болуы мүмкін.
Арбитраждық шешім Қазақстан үкіметінің ұстанымын растады. Оған сәйкес, шетелдік компаниялар Өнімді бөлу туралы келісім аясында өтелмеуі тиіс бекітілмеген артық шығындар мен басқа да шығыстарды негізсіз өтеген.
PSA тобын алдын ала жеңісімен құттықтаймыз (акционерлер шешімге шағымдана алады). Енді ел үшін Қашаған арбитражы бойынша да осындай нәтиже күтеміз.

