Categories Жайық news

OrdaMed ісі: Шетелдік жабдықты «отандық өнім» деп сатқан схема әшкереленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фармацевтика саласындағы ірі қылмыстық схеманы әшкереледі. «OrdaMed» АҚ шетелден әкелінген жабдықты «отандық өнім» ретінде көрсетіп, мемлекетке миллиардтаған теңге залал келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Компания басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Осының арқасында олар халықтың денсаулығы үшін аса маңызды саналатын 28 түрлі медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шартпен жеткізуге заңсыз мүмкіндік алған.

«Іс жүзінде дайын жабдықтар шетелден әкелініп отырған. Осы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ұқсас жазбалар

Райымбек Баталовтың орнын басқан Шарлапаев кім? Ұлыбритания мен Ресей паспорты бар

«Атамекен» ҰКП төралқасының жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевтың өмірбаяны, бұрынғы қызметтері және азаматтығына қатысты дау туралы…

Өзбекстан кедейлікпен күресті күшейтті: 4 мың отбасыға 50 сотық жер тегін беріледі

Өзбекстанда кедейлікті азайту мақсатында 4 мың отбасыға 10 жылға 50 сотық жер тегін беріледі. Басты…

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ДИАЛОГ

Бүгін БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысының орынбасарлары, өңірдегі барлық деңгейдегі қоғамдық…