Categories Жайық news

45 млн теңге шығын келтірген: Испания қашқын кеденшіні Қазақстанға берді

Үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған бұрынғы кеден қызметкерін Испания билігі Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қазақстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, күдікті 2020 жылы қызметтік жалғандық жасау және сыбайлас жемқорлық арқылы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

«Ол сегіз автокөлікті кедендік баж салығынан заңсыз босатқан. Осы әрекетінің салдарынан мемлекет қазынасына 45 миллион теңгеден астам шығын келтірілді», – делінген ресми хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, үш жыл бойы бой тасалап келген. Нәтижесінде оған халықаралық іздеу жарияланып, Испанияның Барселона қаласында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты сот үкімі шықса, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…