Categories Жайық news

Тимур Сүлейменов: Банктердің тәуекелсіз пайда табу схемасы дұрыс емес

Қазақстандық банктер артық ақшаны Ұлттық банкке салып, тәуекелсіз пайыздық табыс алатын мүмкіндіктен айырылды. Реттеуші бұл схеманың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, екінші деңгейлі банктер ұзақ уақыт бойы артық қаражатын реттеушінің ноталары мен депозиттеріне орналастырып, ешқандай тәуекелсіз әрі салықсыз пайда көріп келген.

«Банктер ақшаны Ұлттық банкте ұстамай, нақты экономикаға бағыттауы керек. Олардың тәуекелсіз пайда табуы — дұрыс емес», — деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Осы мақсатта Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) кезең-кезеңімен арттырады. Енді банктер артық ақшаны пайызсыз ұстауға мәжбүр болады.

ЕТРТ қалай өседі:

2025 жылдың шілдесінен бастап теңгедегі резерв талабы 1,3%-дан 3,5%-ға, ал шетел валютасында 2,5%-дан 10%-ға дейін көтеріледі.

Ал 2026 жылдың сәуір-қыркүйек айларында бұл көрсеткіштер одан да жоғарылайды: теңге үшін – 5%, валюта үшін – 15%.

Реттеуші банктерді несиелендіруге ынталандыру үшін уақытша жеңілдік те қарастырған. Егер банк бизнеске несие беруді немесе бағалы қағаздарға инвестицияны 20%-ға арттырса, валюталық резерв талабы 12% деңгейінде сақталады. Алайда бұл жеңілдік 2026 жылдың қыркүйегінде толығымен күшін жояды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…