Categories Қоғам

Бурабайдағы көл суының сараптамасы: алғашқы нәтижелер жарияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Денсаулық сақтау министрлігі Үлкен Шабақты көліндегі судың сапасын зерттеу нәтижелерінің алғашқысын жариялады. Бұған дейін Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желіде Бурабайда демалған соң отбасы мүшелерінің терісінде бөртпелер пайда болғанын жазған еді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің айтуынша, кішкентай ұлы қатты зардап шегіп, дәрігерлер оған буллезді дерматит диагнозын қойған. Ұқсас белгілер анасы, әкесі және әжесінде де байқалған. Оның анасы тек Үлкен Шабақты көліне ғана түскенін атап өткен.

Осыдан кейін мамандар көлден 6 су сынамасын алып, санитариялық-химиялық, микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізген. Министрліктің мәліметінше, паразитологиялық талдау қорытындысы бойынша ешқандай сәйкессіздік анықталмаған. Ал санитариялық-химиялық және микробиологиялық зерттеулер әлі жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері толық дайын болмағандықтан, мамандар қорытындыны кейінірек жариялайтынын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…