Categories Жайық news

Бизнеске ескерту: Келісімшартты тіркемегендер енді 650 мың теңге айыппұл төлейді

12 наурыздан бастап еңбек шартын арнайы жүйеге енгізбеген немесе қате толтырған жұмыс берушілерге салынатын айыппұл мөлшері өседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әкімшілік жауапкершілік еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мүлдем енгізбеген, кешіктіріп тіркеген, мәліметті толық көрсетпеген немесе жалған дерек енгізген жағдайда қарастырылған.

Тіпті келісімшартта қызметкердің ЖСН/БСН, лауазымы, жұмыс орны, шарт мерзімі, басталу күні, құжаттың нөмірі мен күні сияқты міндетті деректердің бірі болмаса да, құжат қате толтырылған болып саналады.

Заң бойынша жаңа келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде, оған енгізілген өзгерістерді 15 күнде, ал қызметкерді жұмыстан шығару туралы ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде жүйеге енгізу керек. Қатені түзетуге 30 жұмыс күні беріледі.

Алғашқы ереже бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей: лауазымды тұлғаларға – 30 АЕК (129,7 мың теңге), шағын бизнеске – 60 АЕК (259,5 мың теңге), орта бизнеске – 80 АЕК (346 мың теңге), ал ірі кәсіпорындарға – 150 АЕК (648,7 мың теңге).

Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері екі еселеніп, 200 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда жүйеде 6,3 миллион еңбек шарты тіркелген. Бұл – жалпы көрсеткіштің 91 пайызы.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…