Categories Жайық news

Енді картаға аудармайды: Алматыда алаяқтар «курьер» жіберіп, қолма-қол ақша алып кетіп жүр

Алматыда алаяқтар жаңа айла-тәсілге көшті: енді олар ақшаны банк картасына аудартудың орнына, жәбірленушінің үйіне «курьер» жіберіп, қолма-қол ақша алдырып жүр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді.

«Алаяқтар банк карталарына ақша аударудан жиі бас тартып, оның орнына сыбайластарын «курьер» ретінде қолма-қол ақшаға жіберетін болды. Себебі фродқа қарсы жүйелердің жұмысы күшейіп, дроп-карталарды (бөтен адамдардың атына ашылған карталар) пайдалану тиімсіз болып қалды», – деді Еркебұлан Қойшыбаев.

Полиция өкілі осы схема бойынша жұмыс істеген төрт күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Олардың жасы 20 мен 35 аралығында. Қазір тергеушілер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Алматыда 2500-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Келтірілген жалпы шығын көлемі – шамамен 2,5 миллиард теңге. Оның 700 миллион теңгесі зардап шеккен азаматтарға қайтарылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ChatGPT енді жасыңызды анықтайды: 18-ге толмағандарға не көрсетілмейді?

OpenAI компаниясы ChatGPT-ге жасты анықтайтын жүйе қосты. Енді 18-ге толмағандарға қауіпті контент көрсетілмейді. Жаңа ереже…

Президент Тоқаев Трамптың бастамасын қолдап, 18 елмен бірге Бейбітшілік кеңесіне қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсімге 18…

ШҚО-да ЖШС басшысы 1 млрд теңгеге заңсыз кен өндіріп, байып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында ЖШС басшысы геологиялық барлауға рұқсаты бола тұра, 70 мың тонна кенді заңсыз…