Categories Жайық news

Трамп Тоқаевты Давосқа шақырды: Президент маңызды құжатқа қол қоймақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Швейцарияға сапар шегеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының сапары 22 қаңтарға жоспарланған. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласында өтетін Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады.

Бұл шара халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. АҚШ президентінің жеке шақыруы Қазақстанның жаһандық саясаттағы беделі мен рөлінің жоғары екенін көрсетеді.

Кеңестің жарғысын бекіту әлемдік деңгейдегі бірқатар маңызды мәселелерді шешуге жаңа серпін беруі мүмкін деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…