Соңғы бір жылда Қазақстанда 234 852 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға өскен. Нарықтың 39%-ын қытайлық маркалар иеленгенімен, ең танымал брендтердің үздік үштігіне Hyundai, Chevrolet және Kia кірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сатып алушылар арасында қытайлық Chery, Jetour, Haval және Changan сияқты брендтер ерекше танымал. Дегенмен, олардың ешқайсысы жалпы сатылым бойынша алғашқы үштікке ене алмаған.
Сонымен қатар, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі де тарихи рекорд орнатты. Жергілікті зауыттар бір жыл ішінде 171 мыңнан астам көлік құрастырып шығарған.
Фото: Әлеуметтік желіден

