Categories Жайық news

Қолайсыз ауа райы: Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді

Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты халықаралық әуежайда бірнеше рейс уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, қаладағы метеожағдайдың нашарлауы ұшақтардың ұшып-қонуына кедергі келтірген. Осыған байланысты ұшып кететін бірқатар рейс белгіленген уақытынан кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар күту уақытын қысқарту үшін барлық шараны қолдануда, алайда басты басымдық жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігіне берілген.

Әуежай басшылығы жолаушыларға жолға шықпас бұрын әуе компаниясымен хабарласып немесе alaport.com ресми сайтындағы онлайн-табло арқылы өз рейсінің мәртебесін нақтылап алуға кеңес береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

A peaceful protest in Vancouver advocating for Iranian rights with flags and placards.

Иран көсемі мыңдаған адамның өлімін мойындады: Кінәлі – АҚШ президенті

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи елдегі наразылықтар кезінде мыңдаған адамның қаза тапқанын мойындап, оған АҚШ…

Toy houses on a detailed map of Greenland, highlighting geographic features. Ideal for travel concepts.

Трамп Еуропаға шарт қойды: Гренландияны сатып алу үшін 25%-дық салық салады

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны сатып алу мақсатында Дания, Норвегия, Швеция, Франция сияқты Еуропа елдеріне…

Stunning aerial view of a city highway interchange covered in snow, captured in black and white.

Қазақстандағы боран: 5 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыста республикалық жолдар жабылды. Қарағанды облысында барлық көлікке шектеу…