Categories Жайық news

БҚО-да төрт адамды өлтірген өзбекстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ж-ға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес қылмыстық іске нүкте қойылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен жылдың көктемінде 15 адам Өзбекстаннан Қазақстанға маусымдық жұмысқа келген.

Олар бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалығында жұмысшы болып қызмет атқарған. Өздері ауылдан үш шақырымдай жерде қожалық аумағындағы уақытша баспанада тұрған.

Сол жылы 9 мамырда сағат 20.00 шамасында Ж. жерлестерінің бірінің туған күнін тойлап, алкогольдік ішімдік ішкен. Сағат 23.00-де олардың арасында келіспеушілік туындап, соның барысында сотталушы балтамен баспанаға кіріп, отандастарының біріне қарай лақтырып жіберген. Содан кейін «Бәріңді өлтіремін!» деп айқайлап, 5 литр бензин құйылған пластик ыдыстың қақпағын ашып, жанып тұрған газ плитасына лақтырғанда, өрт шыққан.

Өрт салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі термиялық күйік жарақатын алған. Мемлекеттік айыптаушы Ж-ны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушілер азаматтық талап қоюдан бас тартып, жазаға қатысты мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Қорғау тарабы Ж-ның әрекетін ҚР ҚК 104-бабының 2-бөлігіне сәйкес абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан деп қайта саралауды өтінді.

— Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған едік.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…