Categories Жайық news

Киев мэрі: «Бұл — ең ауыр соққы, тұрғындар қаладан уақытша көшсін»

Ресей әскері 9 қаңтарға қараған түні Киевке жүздеген дрон, «Калибр» қанатты зымыраны және баллистикалық зымырандармен жаппай соққы берді. Салдарынан қала тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз, сусыз және жылусыз қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Соққыдан кейін Киев метрополитенінің жерүсті бағытында пойыздардың қозғалысы тоқтады.

«Бұл — Киевтің аса маңызды инфрақұрылымына жасалған ең ауыр соққы. Тұрғындарды мүмкіндігінше электр мен жылудың балама көздері бар қала сыртына уақытша көшуге шақырамын», — деді елорда мэрі Виталий Кличко.

Шабуылдан кейінгі төртінші күнде коммуналдық қызметтер электр, жылу және сумен жабдықтауды әлі толық қалпына келтіре алмады.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…