Categories Жайық news

Ұлыбритания Украина үшін жаңа қару жасайды: Ресей әскері жауап беріп үлгермейді

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Украинаны әлі әзірленбеген жаңа тактикалық баллистикалық зымырандармен қаруландыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Біріккен Корольдік Украинаның атыс қуатын арттырып, Путиннің әскери машинасынан қорғану қабілетін күшейтетін жаңа тактикалық баллистикалық зымырандар жасайды», — делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.

Әңгіме ұшу қашықтығы 500 шақырымнан асатын, салмағы шамамен 200 келі болатын оқтұмсығы бар зымырандар туралы болып отыр. Бұл қаруды жасау жобасы «Project Nightfall» деп аталады.

«Nightfall зымырандарын түрлі жерүсті техникасынан ұшыруға болады. Бірнеше зымыранды бірінен соң бірін жылдам атып, санаулы минут ішінде шегініп кетуге мүмкіндік бар. Бұл украиналық әскерге ресейлік күштер жауап беріп үлгергенше негізгі әскери нысандарға соққы жасауға жол ашады», — деп жазылған хабарламада.

Желтоқсан айында британдық Қорғаныс министрлігі осындай қарудың алғашқы үлгілерін әзірлеуге және жасауға байқау жариялаған. Өтінімдер ақпан айының басына дейін қабылданады. Наурыз айында таңдалған үш компанияның әрқайсысы бір жыл ішінде сынаққа дайын зымырандар жасау үшін 9 миллион фунт стерлингтен алады.

Осыдан кейін Ұлыбритания айына 10 зымыран өндіруді көздеп отыр. Жоспар бойынша әр зымыранның құны 800 мың фунттан (шамамен 1,07 млн доллар) аспауы тиіс.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…