Categories Жайық news

Трамп Иранға соққы беруді қарастыруда: Бірнеше нұсқа үстелде жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға әскери соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы The New York Times басылымы Ақ үйдегі дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, Трамп әлі нақты шешім қабылдамаған, бірақ Иран билігінің наразылықты күшпен басып-жаншуына жауап ретінде әскери шара қолдану мәселесін байыппен талқылауда.

Аты-жөнін жасырған шенеуніктердің сөзінше, президентке бірнеше нұсқа ұсынылған. Олардың арасында Тегерандағы әскери маңызы жоқ нысандарды атқылау жоспары да бар.

Ақ үй бұл ақпаратқа қатысты тікелей жауап беруден бас тартып, Трамптың соңғы күндері әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына назар аударумен шектелді.

«Иран АЗАТТЫҚҚА бұрын-соңды болмағандай жақын тұр. АҚШ көмектесуге әзір!!!» — деп жазды Трамп сенбі күні.

Қазіргі уақытта Иранда жаппай наразылықтар 15 күннен бері тоқтамай келеді. Iran International дерегінше, соңғы екі тәулікте қаза тапқандар саны 2000-нан асқан. Алайда бұл мәліметтің әлі де өзгеруі мүмкін екені айтылады.

Ұқсас жазбалар

A mesmerizing aerial perspective of a snowy winter forest with a winding path.

Күн райы құбылады: Елордада -27°С аяз, Шымкентте +13°С жылы болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада -27 градусқа дейін аяз болса,…

Кентаудағы жантүршігерлік жарылыс: Денесін 90% күйік шалған жігіт көз жұмды

Кентаудағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Денесінің 90%-ын күйік шалған…

«Бәрі жоспарланған»: Атырауда жоғалған отбасы Өзбекстаннан табылуы мүмкін

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы Өзбекстанға асқан болуы мүмкін. Туыстары олардың бұл әрекетті…