Categories Жайық news

АҚШ Президенті Трамп Мексикадағы наркокартельдерге қарсы операцияны жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикадағы наркокартельдерге жақында соққы берілетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Fox News арнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Біз су арқылы келетін есірткі тасымалының 97%-ын жаптық, енді жердегі картельдерге соққы жасаймыз. Наркокартельдер Мексиканы басқарады. Бұл елдің жағдайын көру өте өкінішті», – деді Дональд Трамп.

Қыркүйектің басынан бері америкалық әскерилер Венесуэла жағалауындағы кемелерге соққы жасап келеді. Дональд Трамптың айтуынша, бұл кемелер есірткі тасымалдауға пайдаланылады. Бұрын Ақ үй басшысы Латын Америкасы және Кариб теңізі аймағындағы, соның ішінде Мексика мен Колумбиядағы наркокартельдерге қарсы әскери операцияны кеңейту мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.

Фото: The White House

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…