Categories Жайық news

Мұғалімдер кәсіподақ жүйесін өзгертуді талап етуде: петиция eGov.kz-ге ұсынылды

Қазақстан мұғалімдері білім беру саласындағы кәсіподақтардың жұмыс жүйесіне қатысты түбегейлі өзгеріс енгізуді сұрап отыр. GosRating.com порталында жарияланған петицияда олар жалақыдан 1% міндетті ұсталымнан бас тартуды және кәсіподаққа кіру немесе шығу ережесін eGov арқылы жүргізуді ұсынды.

Мамандар бұл бастама мұғалімдердің құқығын қорғауға және қаржылық есеп беруді айқын етуге сеп болатынын алға тартады.

Бұл туралы Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петиция авторларының айтуынша, қазіргі кәсіподақ жүйесі олардың мүддесін емес, мекеме әкімшілігінің көзқарасын қолдайды. Көптеген ұстаздар қиын жағдайда қалған кезде кәсіподақтардың үнсіз қалатынын атап көрсеткен.

Сонымен қатар, педагогтар кәсіподақ төнімелері бойынша жыл сайын нақты және толық есеп берудің жоқтығын сынға алды. Жиналған миллиардтаған теңгенің қайда жұмсалып жатқаны қоғам үшін құпия болып тұр.

Мұғалімдердің талабында қандай өзгерістер ұсынылған?

Петицияда бес негізгі талап көрсетілген. Біріншіден, кәсіподақ жарнасын автоматты түрде ұстауды тоқтату және оны жыл сайын мұғалімнің жазбаша келісімімен ғана жүргізу қажет деп санайды.

Екіншіден, кәсіподаққа кіру мен шығу процесін eGov.kz және eOtinish.kz арқылы өткізуді ұсынады. Бұл мектеп әкімшілігінің немесе бухгалтерияның қысымын болдырмауға көмектеседі.

Үшіншіден, кәсіподақ тарапынан тоқсан сайын ашық қаржылық есеп беру міндеттелуі керек. Яғни, қандай қаражат қайда жұмсалып жатқанын нақты көрсету қажет.

Кәсіподақ жүйесінде бәсеке пайда бола ма?

Петиция авторлары қазіргі жүйенің формализмге айналғанын айтып, балама кәсіподақтар құру мүмкіндігін енгізуді ұсынады. Бұл мұғалімдердің шынайы мүддесін қорғайтын, тиімді жұмыс істейтін ұйымдардың пайда болуына ықпал етеді деп отыр.

Соңғы талап ретінде, жұмыс берушілер мен бухгалтерлердің тарапынан ұсталым жүргізуге заңсыз мәжбүрлеу әрекеттері үшін арнайы жауапкершілік белгілеу ұсынылған.

Петиция Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Үкіметке жолданған.

Ұқсас жазбалар

2026 жылдан бастап көлік салығы өзгереді: Кім аз төлейді, кім көп төлейді?

2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығы жаңа тәртіппен есептеледі: ескі көлікке жеңілдік, ал қымбат көлікке…

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Қазақстан федерациясы B сынамасын аштырды

Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша B сынамасы ашылғанын айтты. Ресми қорытынды шыққанша ол…

Firefighters in full gear with helmets and axes tackle a smoky emergency situation.

Отар маңындағы әскери бөлімде әскеридің саусақтарын шабуына не себеп болды

Отар маңындағы әскери бөлімде сарбаз таңғы саптан кейін балта алып, өз саусақтарын шапты. Ресми дерек…