Categories Жайық news

2025 жылы 128 журналист қаза тапқан: ХЖФ дабыл қағуда

Халықаралық журналистер федерациясының (ХЖФ) ресми дерегіне сүйенсек, 2025 жылы әлемнің әр түкпірінде 128 БАҚ қызметкері көз жұмған. Қаза болғандардың арасында 10 әйел бар.

Бұл көрсеткіш журналистік қызметтің қаншалықты қауіпті екенін ескертеді. Мұндай жағдай медиа саласындағы қызметкерлер үшін қауіпсіздіктің өзекті мәселеге айналғанын көрсетеді.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ХЖФ-тың мәліметінше, 2024 жылы 122 журналист қаза тапқан болатын. Олардың 14-і әйелдер болған. Яғни, биылғы көрсеткіш біршама өсіп отыр. Бұл туралы ұйым жетекшісі Энтони Белланжер де пікір білдірді.

«2024 жылмен салыстырғанда бұл өсім журналистер үшін қауіптілік деңгейінің артқанын көрсетеді», – дейді ол.

Журналистерге қандай қауіп төніп тұр?

Зерттеу қорытындысында 9 журналистің өлімі кездейсоқ жағдай ретінде тіркелген. Жалпы, ХЖФ 1990 жылдан бері барлығы 3173 журналистің қаза болғанын тіркеген.

2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша әлемде 533 журналист темір тордың ар жағында отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда да жоғары – 2024 жылы 516 адам түрмеде болған. Қазіргі уақытта түрмедегі журналистердің ең көбі – 143 адам – Қытайда.

ХЖФ баспасөз өкілдерін қорғай алмаған үкіметтерді сынға алды және келер жылға қарай зорлық-зомбылық пен жазасыздықты тоқтатуға бағытталған нақты шаралар қабылдауға шақырды.

RSF пен ЮНЕСКО деректері не дейді?

ХЖФ ұсынған сандар басқа халықаралық ұйымдардың мәліметтерімен салыстырғанда өзгеше. Мысалы, «Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымының есебінде 2025 жылы 67 БАҚ қызметкері қызмет барысында қаза тапқан делінсе, ЮНЕСКО бұл санды 93 деп бағалаған.

БҰҰ Газаны «баспасөз үшін қазіргі тарихтағы ең қауіпті аймақ» деп атап өтті. Сондай-ақ, Тегеранда телестудияға жасалған Израиль шабуылы кезінде екі журналисттің қаза тапқаны атап өтілген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…