Categories Жайық news

Денсаулық сақтау саласын дамыту – облыстың әлеуметтік дамуының маңызды бөлігі  

2023 жылдан бастап облыста денсаулық сақтау саласын дамыту қарқынды жүргізілуде. Осы кезеңде 52 жаңа медициналық объект салынды. Атап айтқанда, «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пайдалануға беріліп, Президент тапсырмасы толық орындалды.

Ағымдағы жылы Казталов және Бөрлі аудандарында ауданаралық ауруханаларды салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл өңірдегі медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Соңғы үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласына 442 дәрігер тартылды, олардың 236-сы ауылдық жерлерге жіберілді. Бұл ауылдағы медициналық кадр тапшылығын азайтуға және халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Саланың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 10,1 млрд теңге бөлініп, шамамен 1094 заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Нәтижесінде, облыстың медициналық жабдықталу деңгейі 83,8%-ға жетті.

Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласындағы жүргізіліп жатқан кешенді шаралар халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мен ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды нығайтуға зор үлес қосуда.

 

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…