БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде жалпы құны 138,4 млрд теңгені құрайтын 121 әлеуметтік нысан салынды.

Салалар бойынша алғанда, денсаулық сақтау саласында – 52 нысан, білім беру саласында – 30 нысан, спорт саласында – 24 нысан, сондай-ақ мәдениет саласында – 15 мәдениет ошағы пайдалануға берілді. Бұл жобалар халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс аумағында 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасуда. Аталған нысандар іске қосылғаннан кейін өңір тұрғындары үшін білім алу, медициналық қызмет көрсету, спортпен шұғылдану және мәдени демалыс мүмкіндіктері одан әрі кеңейе түседі.

Жалпы алғанда, әлеуметтік нысандар құрылысы өңірдің тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртуға негіз болуда.

 

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.