Categories Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының алғашқы саммитінде сөз сөйледі

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының алғашқы саммитінде сөз сөйледі,-деп хабарлайды Жайықмедиа Ақорда-ға сілтеп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өткен «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде баяндама жасады. Ол тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және жоғары деңгейде қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, даму деңгейі жоғары мегаполис саналатын Токиода осындай форумның өтуі Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағы үшін маңызды оқиға. Президент «Орталық Азия – Жапония» диалогын құру бастамасын жапон тарапы, соның ішінде бұрынғы Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучи көтергенін еске салды. Бұл форматтағы алғашқы сыртқы істер министрлерінің кездесуі 2004 жылы Астанада өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді және аймақтың жаһандық үдерістерге ықпалын күшейтеді.

Сондай-ақ Президент қазақ халқы жапон жұртының тарихы мен мәдениетіне әрдайым құрметпен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, келісімге, ұстамдылық пен даналыққа негізделген жапон философиясы қазақ халқының дүниетанымымен үндес. Мемлекет басшысы Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыстардың тамыры ежелгі Ұлы Жібек жолынан бастау алатынын айтты.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…